«Болашақ»
Қауымдастығы 2001 жылы құрылған. Бұл ұйымның пайда болуы президенттік стипендия
мен оның түлектерінің өміріндегі маңызды және уақытылы қадам болып табылады.
«Болашақ» стипендиясы қазақстандықтардың алдында шетелдік білім алуға тұңғыш
рет жол ашты. 1993 жылы «Болашақтың» құрылуымен бірге елімізде тұңғыш рет заман
талабына сай батыстық білімі бар мамандар пайда бола бастады.
Президенттік стипендияның түлектері оның мәртебесін дәлелдей отырып, алғашқы
кезден-ақ экономиканың әр түрлі салаларында, соның ішінде мемлекеттік қызметте
және бизнесте көзге көріне бастады. Олардың көбі өздерінің еңбек жолдарын
еліміздің шалғай аймақтарында бастады. Осыны ескере отырып, Елбасы дарынды
жастарға сенім білдіре отырып, «болашақтықтарға» басқарушы лауазымдардың
тізгінін тапсыруды қате көрмеді.
Әрине
«болашақтықтар» шетелде білім алудың қиындықтары, қызметке орналасу мәселесі
сияқты кедергілерге де кездесті. Осы мәселелерді шешу үшін әлдебіреу өзіне
жауапкершілік алуға міндетті болды. Неміс әкімшілік ғылымдары жоғарғы
мектебінің түлегі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған стипендия түлектерінің табысты
тобы барлық түлектерді біріктіріп, олардың мүдделерін қоғамдық институттардың
әр түрлі деңгейлерінде корғайтын ұйым құру туралы шешім қабылдады. Есесіне
«болашақтықтарды» біріктіретін және олардың әлеуетін маңызды қоғамдық міндетті
талқылау мен шешу бойынша мәселелерге қатысуға бағыттайтын күн жеткен болатын.
Себебі олар жаңа дамып келе жатқан жас Қазақстанға «ауадай» қажет жаңа сапалы
идеялар мен ұсыныстарды жасау жолында қызмет етулері қажет болды.
Қауымдастық «болашақтақтырдың» мүдделері мен құқықтарын қорғап, оларды бірыңғай
қанатының астына алуға жауапкершілік алып отыр.
Қауымдастық
өз қызметінің шеңберінде еңбекпен қамтылмаған стипендия түлектерінің жұмысқа
орналастыруға ықпал етті. Олардың көпшілігіне еңбек нарығында сұраныс көп
болғанымен, бұл мәселе бұрын да және қазірде орын алып отыр. Себебі,
«болашақтықтардың» барлығы кәсіби тәжірибесі бар адамдар емес, ал бұл болса
жұмыс беруші үшін аса маңызды.
Қауымдастық өткен жылдар ішінде «Болашақ» стипендиясының түлектерімен байланыс
орнатты. Қандай да болмасын қиындық болған жағдайда түлектер әрдайым
бірлестіктен көмек сұрай алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының ашықтығы мен
азаматтардың соған қол жетімділігін, оның имиджін көтеру бойынша жұмыстар
күнделікті жүргізілуде.
Бұл бұрын да қажетті болды және қазір де өзекті болып отыр, себебі еліміздің
шеткері аймақтарында әрдайым ақпаратқа сапалы қол жетімділік бола бермейді.
«Болашақ» бағдарламасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігі стипендияның қол
жетімсіздігі мен жабықтығы туралы ұғымды тудырды.
Қауымдастық мүшелері еліміздің жоғарғы деңгейдегі басшылығына «Болашақ»
стипендиясын жетілдіру мен кеңейту жөніндегі бір қатар бастамалар мен ұсыныстар
жасады. Соның нәтижесінде бөлінетін стипендия саны 3000 мыңға дейін өсті. Әлемдегі
бірде-бір ел білім беру саласында мұндай шешуші қадам жасаған жоқ. Оған қоса
оқуға түсуге деген талаптары біршама жеңілдеді. Англия, АҚШ, Канада, Малайзия,
Германия, Франция, Қытай, Жапония, Корея және басқа да демократиялық елдердің
мәртебелі университеттерінде қазақстандықтардың шетелдік білім алуына
мүмкініктер ашылды.
Стипендия алғысы келетін үміткерлерге қажетті шарт - білімге талпынысы мен
құштарлығы болуы керек десек кателеспейміз.
2008 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Респрубликасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
қатысуымен «Болашақ» стипендианттарының ІІ форумы өтті. Бұл оқиға стипендия мен
барлық қазақстандықтардың өмірі үшін түбегейлі бетбұрыс болды.
«Болашықтықтардың» алдында сөз сөйлеген Президент «Болашақ» стипендиясының
сапасын арттыру бойынша көптеген ұсыныстар жасады.
Енді жаңа оқу жылынан бастап стипендияға үміткерлерінің жас мөлшеріне шектеу
қою алынып тасталды. Мемлекеттік қызметкерлер, ауылдық жердің тұрғындары,
оралмандар мен шетелде тұратын қазақ диаспорасына квоталар енгізілді. Сондай-ақ
Қазақстан экономикасына қажетті кәсіпті кеңейту бағытындағы басты
мамандықтардың тізімі қайта қарастырылды.
Жақында
болған бірден бір маңызды ақпараттық оқиға - бұл «Болашақ» бағдарламасының 15
жылдық мерейтойы мен Қазақстанның елордасы - Астананың 10 жылдық мерейтойына
арналған кітаптың жарыққа шығуы болды. Онда президенттік стипендияның түлектері
«Болашақтың» олардың өмірлеріндегі алған рөлі және Қазақстанды одан әрі дамыту
туралы ой толғайды.
Сондай-ақ, Қауымдастықта «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің ең жақсы өкілдері
арасынан Сараптамалық Кеңес құрылды.
Бұл жоба «болашақтықтарды» Сараптамалық Кеңестің маңызды мемлекеттік
мәселелерді, соның ішінде «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасын талқылауға
тартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, Қауымдастық өзінің қатарына жаңа әлеуетті мүшелерді тарту бойынша
жұмыстарды да белсенді түрде жүргізуде.
2008 жылғы қыркүйекте жаңа оқу жылынан бастап түлектер ««Болашақ» стипендиясы
Түлектерінің Ғылыми Аптасы» жобасы шеңберінде қазақстандық жоғарғы оқу орындарда
дәрістік және семинарлық сабақтар оқытуға тартылады. Бұл «болашақтықтардың»
білім қорын қазақстандық студент жастармен тәжірибе алмасуға бағытталған
іс-шара.
