«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Президентінің 5.11.1993 жылғы №1394 қаулысымен құрылған "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқып келген азаматтарды біріктіретін ұйым. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының түлектері - Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Ұйымның
негізгі мақсаты - түлектерді қоғамдық өмірде жұмылдыру мен белсенділігін арттыру,
түлектердің күш-жігерін, олардың өміріндегі, тәжірибелік қызметінде кездесетін
мәселелердің тиімді шешімдерін іздестіру үшін ұжымдық тәжірибені ықпалдастыру
болып табылады.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері мен оның қызметінің мақсаты:
- Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін түлектердің күш-жігерін,
зияткерлігін, шығармашылығын және іскерлік әлеуетін біріктіру. Қазақстан
Республикасының экономикалық, әлуметтік және саяси прогресіне мүмкіндік беретін
жасампаздық іс-шараларды өткізу;
- түлектердің кәсіби мамандықтарын көтеру, әлеуметтік-экономикалық және басқару
қызметінің жаңа түрлері мен тәсілдерін, алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік
тәжірибені игеру;
- түлектердің өзара қолдауларын дамытуға, соның ішінде олардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауға да бағытталған шараларды өткізу, әр түрлі жәрдем, соның
ішінде материалдық көмектерді де көрсету;
- заңда бекітілген тәртіпте ғылыми, білім беру, ақпараттық және насихаттық
материалдарды, соның ішінде мерзімдік басылымдарды шығару мен тарату, іскерлік
ұсыныстар банкін құру;
- мемлекеттік қызметтің әрекет етіп отырған кадрлық резерві ретіндегі
түлектердің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасының басқару элитасын қалыптастыруға ықпал ету;
- түлектердің мамандығына, тәжірибелерімен, қабілеттеріне сай қызмет орынын
таңдауына ықпал ету, түлектерді бос қызмет орындары мен кадрлік резервтерді
алмастыру мәселері бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға ұсыну;
- әлеуметтік-экономикалық өмірдің (мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және
т.б.) әр түрлі салаларда зерттеулер жүргізу, осы салаларда туындаған
мәселелерді тиімді шешу үшін ұсыныстар жасау, заң шығару, атқару және сот
билігіне, сондай-ақ мүдделі ұйымдар мен мекемелерге ұсыныстар жіберу;
- түлектердің іскерлі қарым-қатынасы мен тәжірибе алмасуы үшін жағдай жасау,
түлектердің элитарлық клубын құру, экономикалық, заң және басқа да кеңестермен
көмек көрсету орталықтарын құру, түлектер туралы мәліметтердің
ақпараттық-талдау базасын құру;
- мамандандырылған, соның ішінде халықаралық конференциялар, симпозиумдар,
семинарлар, «дөңгелек үстелдер», пікір-сайыстар, конкурстар мен басқа да
шаралар өткізу.
Қауымдастық
басшылығы мен оның мүшелерінің күш-жігері орасан зор шығармашылық жұмысты,
адамзаттық және қаржылық қорды талап ететін жоғарыда аталған міндеттерді шешуге
бағытталған.
