"Қазақстан Республикасы
Президентінің халықаралық«Болашақ»
стипендиясы түлектерінің қауымдастығы"
қоғамдық бірлестігінің 2008 жылғы
«6» желтоқсандағы
Жалпы жиналысымен
«Бекітілген»
"Қазақстан Республикасы Президентінің
"Болашақ" Халықаралық стипендиясының стипендиаттарының
қауымдастығы"
Қоғамдық бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. “Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі;
(бұдан әрі - "Қауымдастық") коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық аткілеріне, сондай-ақ, осы Жарғыға (бұдан әрі Жарғы) сәйкес іске асырады.
Қауымдастық Қазақстан Республикасының азаматтарын - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқып жатқан (стипендианттар) және оның түлектерін және Қазақстан Республикасының басқа да азаматтарын ерікті түрде біріктіретін, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 5.11.1993 жылғы № 1394 қаулысымен құрылған ұйым болып табылады.
1.2. Қауымдастықтың толық атауы:
Мемлекеттік (қазақ) тілдегі толық атауы – “Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы” Қоғамдық бірлестігі;
Орыс тіліндегі толық атауы – Общественное объединение “Ассоциация стипендиатов Международной стипендии Президента Республики Казахстан “Болашак”;
Ағылшын тіліндегі толық атауы – Public Union “Association of Holders of the International Scholarship of the President of the Republic of Kazakhstan “Bolashak”;
Мемлекеттік (қазақ) тілдегі қысқаша атауы - “Болашақ” қауымдастығы;
Орыс тіліндегі қысқаша атауы – Ассоциация “Болашак”;
Ағылшын тіліндегі қысқаша атауы – “Bolashak” Association.
1.3 Пайдаланылушы ұғым: “Болашақ” бағдарламасының стипендианты (бұдан әрі – “стипендиат”) – “Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматы.
1.4 Қауымдастықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, Есіл ауданы, Тәуелсіздік көшесі 12/1, 714 бөлме.
1.5 Қауымдастықтың дербес балансы, банктік шоттары, мөр, мөртабан мен Қауымдастықтың толық атауы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетілген бланкілері, сондай-ақ, басқа да деректемелері бар. Қауымдастықтың өз эмблемасы болуы мүмкін.
1.6 Қауымдастық өзінің мемлекеттік тіркелу сәтінен заңдық тұлғаның құқықтарына ие болады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды иелене және іске асыра алады, міндеттемелер арқалайды, сотта талапкер және жауап беруші бола алады, меншік құқығы негізінде оқшауланған мүлікті иемденеді.
1.7 Қауымдастық толық құқық қабілеттігіне ие бола, өзінің жарғылық қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген шешім қабылдауға және әрекетті іске асыруға, заңмен берілген барлық құқықтарды пайдалануға құқылы.
1.8 Қауымдастық өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мүшелер Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
1.9 Қауымдастық ерікті негізде одақтарға, қоғамдық бірлестіктердің қауымдастықтарына кіруге, халықаралық байланыстар мен қатынастар түзуге, сәйкесінше келісімдер мен келісім-шарттар жасауға құқылы.
1.10 Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың Қауымдастық қызметіне заңсыз қол сұғуларына жол берілмейді
1.11 Қауымдастық республикалық қоғамдық бірлестіктің мәртебесіне ие және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында таратады.
1.12 Қауымдастықтың Қазақстан Республикасының жартысынан астам облыстар аумағында қызмет ететін – филиалдары бар. Филиалдар заңдық тұлға болып табылмайды, Жалпы жиналыспен бекітілген Ережелердің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының негізінде әрекет етеді. Филиалдар Қауымдастықпен сенімхаттар негізінде берілген құқықтар шеңберінде әрекет етеді.
1.13 Қауымдастыққа берілген мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады.
2. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
2.1 Қауымдастықтың мақсаты елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін стипендианттардың тәжірибесі мен жігерлерін біріктіру, қазақстандық жастардың шоғырландырылуы мен белсенділігінің артуы.
2.2 Қауымдастықтың қызметінің пәні :
- әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешіміне стипендианттардың күштерін, интеллектуалдық, шығармашылық және іскерлік жігерлерін жұмылдыру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік ілгерілеуіне мүмкіндік туғызатын жасампаздық іс-шаралар өткізу;
- стипендианттарға біліктіліктерін арттыруда, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық қызметтің жаңа нысандары мен әдістерін, озық отандық және шетелдік тәжірибені меңгеруде көмек көрсету;
- стипендианттардың тілдесуі мен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, өзара қолдауды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу;
- стипендианттардың біліктіліктеріне, іс-жүзіндегі тәжірибелеріне және қабілеттеріне сәйкес оларға жұмыс орнын таңдауда жәрдем көрсету;
- стипендианттардың Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған мемлекеттік қызметінің кадрлық резерві ретіндегі мәртебелерін көтеруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
- өзекті мәселелер, идеялар мен шетелдік тәжірибенің трансферті бойынша кең пікірталастардың бастамашысы болу арқылы елде кәсіби мамандық қауымдастықтың қалыптасуына, ғаламдық үдерістер мен олардың Қазақстанға әсер етуінің сараптамасы мен мониторингін өткізуге жәрдем беру;
- Қазақстанның ел іші мен шетелде Республиканың жетістіктерін насихаттау, халықаралық және отандық мемлекеттік емес ұйымдар мен зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен оң беделін қалыптастыруға ат салысу;
- дәрістер өткізу мен студенттермен кездесулер өткізу, мемлекет пен елдің Президентінің саясатын түсіндіру жолымен жоғары білімді отансүйгіш жастардың қалыптасуына ат салысу;
- талантты жастарды анықтау мен алға сүйреу, сәйкесінше өз орындарында оларды жүйелі түрде шешу үшін жастар проблемалары туралы мағлұматтар жинау;
- нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеу мен оларды сәйкесінше мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға бағыттау;
- әлеуметтік-экономикалық өмірдің (мәдениет, білім, денссаулық сақтау мен т.б.) түрлі салаларында зерттеулер жүргізу мен белең алған мәселелерді тиімді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- мамандандырылған, сонымен бірге, халықаралық конференциялар, симпозиумдар, “дөңгелек үстелдер”, пікірталастар, конкурстар мен басқа да іс-шараларды өткізу;
- заңмен бекітілген тәртіпте ғылыми, оқу, информациондық және насихаттаушылық материалдарды, сондай-ақ, кезеңдік басылымдарды басып шығару мен тарату;
2.3 Қауымдастық өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары Қауымдастық мүшелері арасында үлестіріле алмайды, алайда Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жұмсалады.
2.4 Жеке қызмет түрлері Заңнамаға сәйкес Қауымдастықпен тек лицензия негізінде ғана іске асырыла алады.
3. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Қауымдастық құқылы:
- өз қызметінің бағдарламалары мен жоспарларын өз бетінше әзірлеуге және бекітуге;
- бекітілген тәртіпте өзінің филиалдарын, өкілдіктерін, клубтарын, мектептері мен басқа ұйымдастырушылық құрылымдар мен құрылымдық бөлімшелер ашуға;
- егер басқасы Қазақстан Республикаларының заңнамалық актілерімен қарастырылмаған болса, басқа заңдық тұлғаларды құруға;
- мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға ұсыныстар беру;
- Республикалық комиссияға шетелдерде кадрлар дайындау бойынша ұсыныстар беру;
- кез келген қызмет үдерісінде кез келген азаматтық-құқықтық қатынастарға кіруге;
- өз қызметі мәселелері бойынша отандық және шетелдік мекемелермен, ұйымдар мен олардың өкілдіктерімен іскерлік қатынастарға кіру;
- мүшелердің іс-сапарлары мен сондай-ақ, шетелдік тағылымдамаларын ұйымдастыру, Қауымдастықтың қызметімен байланысты мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық мамандарды тарту;
- республикалық және жергілікті мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдардың ұсынысы бойынша олармен ұсынылатын материалдардың тәуелсіз сараптамасын ұйымдастыру;
- Қауымдастықтың мақсаттық әлеуметтік-экономикалық және сондай-ақ, коммерциялық негіздегі басқа бағдарламаларын және жобаларын қаржыландыруды іске асыру;
- өз меншігіндегі ғимараттар, құрылыстар, тұрмыстық қорлар, құрылғылар, бұйымдар, ақша қаражаттары, құнды қағаздар мен басқа мүлікті пайдалануға және иелік істеуге;
- меншікте немесе уақыты шексіз пайдалануда жер телімдерін иемдену;
- білім беру, ғылыми-зерттеу, өндірістік, сауда және басқа шаруашылық қызметті жүргізу, кәсіпкерлік қызмет бойынша табыстар мен шығындарды есептеу;
- жарғылық мақсаттарды орындау үшін салымшы ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерде қатысуға, коммерциялық емес ұйымдар құруға, Қауымдастықтар мен одақтарға кіруге;
- өз атынан келісім-шартар, шарттар, келісімдер түзу, мүліктік және мүліктік емес құқықтар иемдену мен міндеттемелер арқалау, дербес баланс иемдену, және қажет болған жағдайда Қауымдастыққа кіретін құрылымдар баланстарын, теңге мен шетелдік валютада ел іші мен одан тыс аумақтарда өз шоттарын иемдену, соттық органдарда талап етуші мен жауап беруші болу;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге құқықтар мен кез келген қызмет түрін іске асыру.
3.2 Қауымдастық міндетті:
2 Қазақстан Республикасының заңдарын орындау;
3 Салықтар мен басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіпте бюджетке төлеу;
4 өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлкімен жауап беру;
5 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік тарту.
4. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
4.1 Қауымдастық коммерциялық емес ұйым болып табылады және бас мақсат ретінде табыс алуды көздемейді. Қауымдастықтың барлық қаржылық қаражаттары, сонымен бірге, кәсіпкерлік қызметтен алынған қаржылары Қауымдастықтың тек қана жарғыллық мақсаттарын орындауға жұмсалады.
5. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮЛКІ
5.1 Қауымдастықтың мүлкі жарғылық мақсаттар үшін ғана жұмсалады және мынаның есебінен қалыптасады:
5.1.1 кіріс және мүшелік жарналар;
5.1.2 дербес кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінде;
5.1.3 ғимараттар, құрылыстар, тұрмыстық қор, құрылғылар, бұйымдар мен басқа материалдық құндылықтар, құнды қағаздар, жерді пайдалану құқығы, ғимараттарғ құрылыстар мен құрылғылар, сондай-ақ, интеллектуальдық меншік (ноу-хау) мен өзге түсімдер түріндегі жеке және заңдық тұлғалардың жарналары есебінен;
5.1.4 өзге мүліктік және мүліктік емес құқықтар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен тыйым салынбаған теңге мен шетелдік валютадағы ақша қаражаттары.
5.2 Қаржылық және материалдық ресурстардың түсімдерінің көздері мыналар болуы мүмкін:
- мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыруға қатысу, конференциялар, көрмелер, аукциондар, мемлекеттік емес лотореяляр басқа кез келген Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін қызметті қамтитын өз өндірістік-шаруашылық және ғылыми-зерттеушілік қызметі;
- ерікті және қайырымдылық жарналар, қайырмалдық пен аударымдар, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, жеке фирмалардан және басқа заңдақ және жеке тұлғалардан сыйлықтар, сондай-ақ, өсиет етілген мирасқорлық мүлік;
- ұзақ және қысқа мерзімді несиелер;
- құнды қағаздар мен жарналармен жүргізілетін операциялар;
- Қауымдастық тарапынан және оның қатысуымен шаруашылық құрылымдардан түсетін табыстардан жарналар мен аударымдар.
5.3 Қауымдастық өз қызметін өзін өзі басқару мен өзін өзі қаржыландыру қағидаттарында іске асырады.
6. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1 Қауымдастық мүшелері өз дербестіктерін сақтайды.
6.2 Қауымдастық мүшелері Жарғыны мойындайтын және Қауымдастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға үлес қосатын басқа да Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.
6.3 Қауымдастық “құрметті мүшелікті" мойындайды. Құрметті мүшелік Жалпы жиналыстың шешімі бойынша Қауымдастықтың Кеңесімен ұсынылу бойынша кез келген Қауымдастық алдындағы және да Қазақстан Республикасы мен әлемге көрнекті мәні бар адамға беріледі. Құрметті мүшелер құқықтарды иемденбейді және Қауымдастық мүшелерінің міндеттерін атқармайды.
6.4 Стипендианттарды Қауымдастық мүшелігіне қабылдау Қауымдастықтың Кеңесінің шешімі бойынша жазбаша өтінімнің негізінде іске асады.
Стипендиант емес азаматтарды мүшелікке қабылдау Жалпы жиналыспен іске асырылады. Электронды байланыс құралдары арқылы дауыс беруге жол беріледі.
Қауымдастық мүшелігінен шығу туралы өтінім Қауымдастықтың Кеңесіне тапсырылады. Мүшеліктен шығару Қауымдастықтың Кеңесінің шешімімен жүргізіледі. Ол шешім жоғары тұрған орган - Қауымдастықтың Жалпы жиналысында шағым жасалына алады. Мүшеліктен шығару Жарғының ережелерін бұзу, стипендиант атағына лайық емес істерді жасау, және мүшелік жарналарды төлемеу жағдайында жүргізіледі.
6.5 Қауымдастықтың мүшелері құқылы:
- осы Жарғымен бекітілген тәртіпте Қауымдастықтың істерін басқаруға қатысу;
- Қауымдастықтың қызметі туралы қажетті барлық мағлұматтарды алуға;
- дауыс беру құқығымен Жалпы жиналысқа қатысу, Қауымдастықтың басқарушы және бақылаушы органдарында сайлануға және сайлауға;
- осы Жарғыға сәйкес және Жалпы жиналыспен немесе Қауымдастықтың Кеңесімен ұсынылған өкілеттіліктер шеңберінде азаматтар мен ұйымдармен қарым-қатынастарда Қауымдасықтың атынан уәкілдік ету;
- өзінің және тартылған қайырымдылық салымдарын салу;
- қаржылық, материалдық және жәрдемнің өзге түрлерін алуда өтініш жасау, сондай-ақ, Қауымдастықтың басқарушы органдарымен бекітілген тәртіпте еңбекпен қамту мәселелерінде ұсыныстар беру;
- Қазақстан мен шетелде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу, сондай-ақ, Қауымдастықтың Кеңесінің тапсырмасымен түрлі мемлекеттік, жеке және халықаралық ұйымдардың жұмысында уәкілдік ету;
- ішкі талқылаулар барысында Қауымдастықтың басқарушы органдарының ұстанымдарынан айрықша пікір білдіру;
- Қауымдастық алдындағы материалдық және басқа міндеттемелерді орындағаннан кейін Қауымдастық мүшелігінен шығу;
- Қауымдастықтың өз мүшелеріне беретін өзге құқықтары.
6.6 Қауымдастықтың мүшесінің Қауымдастықтың мүлкіне құқы жоқ, сонымен бірге, оған берілген мүлікке және мүшелік жарналарға құқы жоқ.
6.7 Қауымдастықтың мүшелері міндетті:
- Жарғының ережелерін орындауға;
- Қауымдастыққа қатысты қабылдаған мінддтемелерді орындауға;
- Қауымдастықтың практикалық жұмысына қатысуға және өз қызметі туралы есеп беруге;
- Қауымдастықтың құрамы, Тексеру комиссия, Жарғы немесе жылдық жұмыс жоспары туралы мәселе шешілетін Жалпы жиналыстарға қатысуға;
- Күнтізбелік жылдың бірінші айы аралығында жыл сайынғы мүшелік жарналар салуға. Аталған мерзімде төлемеген жағдайда Қауымдастықтағы мүшелік автоматты түрде тоқтатылады. Қауымдастықтың жаңа мүшелері үшін мүшелік жарналарды төлеу бойынша міндеттеме Қауымдастыққа мүше болып қабылданғаннан басталады;
- Қауымдастықтың және «Болашақ» бағдарламасының беделі мен жақсы атағының қамын ойлау, оның мақсаттары мен міндеттерін насихаттау;
- Қауымдастықтың нақты бағдарламалары мен жобаларының орындалуына ат салысу;
- Қауымдастықтың абыройына, қаржылық, коммерциялық және өзге мүдделеріне нұқсан келтіретін кез келген қызмет түрінен бас тарту;
- Қауымдастықтың басқарушы органдарының шешімі бойынша жүргізілетін іс-шараларда белсенді түрде қатысуға;
- Қауымдастықтың Кеңесімен оның қызметі және жалпы «Болашақ» бағдарламасы туралы жария сөз сөйлеулер бұқаралық ақпарат құралдарына беретін сұхбаттың мерзімі мен мазмұнын алдын ала келісу, сондай-ақ, Қауымдастыққа қорытынды мағлұматтарды беру;
- Қауымдастықтың жарғылық қызметіне қатысты нақты мәселелерді шешу үшін қажетті мағлұматты беру;
- Қауымдастықтың мүлкін сақтау;
- Қауымдастықтың қызметі туралы құпия мағлұматты таратпау;
- күнделікті өмірдегі өзін ұстаудың этикалық нормаларын сақтау және стипендианттың беделі мен дәрежесіне нұқсан келтіретін амалдардан тартыну.
7. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕЛІГІНЕН ШЫҒАРУ
7.1 Қауымдастық мүшеліктен шығара алады, егер мүше:
11 Жарғының талаптарын, Жалпы жиналыстың және Қауымдастық Кеңесінің шешімдерін орындамаса;
12 өзінің Қауымдастық алдындағы міндеттемелерін әрдайым орындамаса немесе лайықта түрде орындамаса;
13 өз ісімен немесе әрекетсіздігімен Қауымдастықтың қалыпты жұмысына кедергі келтірсе;
14 жарнаны белгіленген мерзімде салмаса.
7.2 Қауымдастықтағы мүшеліктен шығару туралы шешім Кеңеспен қабылданады.
8. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
8.1 Қауымдастықтың басқару органдары мыналар:
• Жоғарғы басқаруша орган – Жалпы жиналыс;
• Атқарушы орган – Кеңес;
• Бақылаушы орган – Тексеру комиссия.
9. ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫС
9.1 Қауымдастықтың Жоғарғы басқаруша органы - Жалпы жиналыс (бұдан әрі – Жиналыс) болып табылады. Жиналыс жылына бір реттен сирек шақырылмайды. Жиналыстың өткізілу уақыты мен орны туралы, алдын ала күн тәртібі жөнінде Қауымдастықтың Кеңесі алдын ала Жиналыстың басталуына дейін бір ай бұрын (30 күн) хабарлайды.
Делегаттарды Жиналысқа ұсыну мен сайлаудың тәртібін Қауымдастықтың Кеңесі бекітеді.
Қауымдастықтың кезектен тыс Жиналысы Кеңестің бастамасы бойынша немесе Қауымдастықтың жалпы санынан 1/3 кем емес мүшелерінің талабы бойынша қажеттіліктің шамасына байланысты шақырылады.
Жиналыстың жұмысында жалпы санынан 1/2 кем емес Қауымдастықтың мүшелері қатысса Жиналыс құқықтық өкілетті, ал шешімі оған қатысушы делегаттардың жартысынан көбінің дауысы берілген болса қабалданған болады. Дауыс берудің нысанын (жабық немесе құпия) Қауымдастықтың Кеңесі бекітеді. Жиналысқа электронды байланыс құралдары бойынша қатысуға рұқсат беріледі.
9.2 Жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне келесі мәселелер жатады:
- Қауымдастықтың Жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Қауымдастықтың Кеңесі мен оның Төрағасын, Тексеру комиссияны сайлау, олардың есептерін тыңдау және бекітузаслушивание и утверждение их отчетов;
- Қауымдастықтың Кеңесін Төрағаның ұсынуы бойынша өкілеттіліктерінен мерзімінен бұрын айыру;
- алдағы есептік кезеңге Қауымдастыққтың негізіг бағыттарын анықтау;
- Қауымдастықтың қайта құрылуы немесе таратылуы туралы шешім қабылдау, тарату комиссиясын тағайындау;
-Қауымдастықтың филиалы туралы Типтік Ережені бекіту;
- Қауымдастық филиалдарын құру және тарату;
- атқарушы органның қаржылық есептілігін ұсыну тәртібін және кезеңділігін анқтау;
- коммерциялық құрылымын құру туралы шешімді қабылдау;
- Қауымдастықтың Кеңесімен анықталған басқа маңызды мәселелердің шешімі.
10. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ КЕҢЕСІ
10.1 Жалпы жиналыс арасындағы кезеңде Атқарушы орган болып Қауымдастықтың Кеңесі (бұдан әрі -Кеңес) табылады.
10.2 Кеңес Жиналыспен сайланады және оған есеп береді.
15 адамнан кем емес санымен Кеңесті бір мерзімнен артық емес мерзімге сайлану құқығымен үш жыл мерзімге сайланатын Қауымдастықтың мүшелері түзеді.
Кеңеске сайлау кезінде Кеңес мүшесіне кандидаттар Қауымдастықтың мүшелерінен кем дегенде 10 жазбаша өтінішін жинау және жоспарланған сайлауға дейін бір апта бұрын өзінің сайлау алды бағдарламасын ұсынуы қажет. Кеңес мүшесіне кандидаттар тізімі Кеңес Төрағасымен Жиналыстың дауыс беруіне шығарылады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе құпиялы) Жиналыс белгілейді.
Кеңес Төрағамен алдын ала келісуімен оның мүшелерінің кез-келгенінің өтініші бойынша жиналады. Кеңес егер оның жұмысында Кеңестің кем дегенде 1/2 мүшесі қатысқан кезде заңды болып саналады. Барлық шешімдер дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде шешушісі болып Кеңес Төрағасының немесе төрағалық етушінің дауысы табылады. Қауымдастық Кеңесінің мүшелері жеке және ұжымдық жауапкершілікті арқалайды.
Қауымдастық Кеңесі мүшесі келесі жағдайларда өзінің уәкілеттілігін жояды:
- Қауымдастық Кеңесінің шешімімен анықталған қызметтік міндеттерді орындамаса;
- Қауымдастық Кеңесінің шешімдерін орындамаса;
- дәлелді себепсіз үш реттен аса Қауымдастық Кеңесі отырысында болмаса;
- Кеңес және Қауымдастық беделіне және имиджіне шығын келтірсе.
10.3 Кеңестің ерекше құзырлығына жатады:
- өз құрамынан Төраға орынбасарлары санын анықтау және сайлау;
- шығындар сметасын бекіту және олардың орындалуы туралы есепті тыңдау;
- Қауымдастық мүшелерін ақшалай қаражаттарының түсуі және шығуы туралы жылсайын ақпарат беру;
- мүшелік салымдардың тәртібі мен көлемін анықтау;
- Қауымдастық жұмыстарының қазіргі жоспарларын құру және бекіту;
- Қауымдастықтың Атқарушы хатшылықтың құрылымы, штаттық қызметкерлері санын, еңбекті төлеу жағдайы және олардың қызметкерлерін материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуін, оны ұстауға шығындарын анықтау;
- Ассоциация эмблема үлгілерін бекіту;
- Жиналыс және Тексеру комиссиясы құзырлығына кірмейтін Ассоциация қызметінің басқа мәселелерін қарастыру және шешу.
10.4 Төраға үш жыл мерзімге сайланады және кем дегенде бір мерзімге артық қайта сайлануы керек. Төраға Кеңес отырысын жүргізеді. Кеңес отырысына қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда Төраға төрағалық ететінді өзінің орынбасарлары арасынан анықтайды. Міндеттерін орындау мүмкін болмаған жағдайда Төраға мерзімнен бұрын өз өкілдігін тапсыруы мүмкін.
10.5 Кеңес Төрағалары өкілділік уақыты аяқталғаннан кейін дауыс беру құқығымен Кеңеске тұрақты мүшелігін алады.
11. АТҚАРУШЫ ХАТШЫЛЫҚ
11.1 Атқарушы хатшылық Қауымдастық Кеңесінің алдында есеп беруші орган болып табылады. Оны келісім-шарт негізінде Атқарушы директор басқарады. Атқарушы директор оның мүшелермен келісуі бойынша Кеңес Төрағасымен лауазымына тағайындалады. Атқарушы директор Кеңес құрамына кірмейді.
11.2 Атқарушы директордың ерекше құзырлығына жатады:
- Қауымдастықтың қазіргі қызметін басқару және Төраға және Кеңес қызметін ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Жиналыс және Кеңес алдында есеп беру;
- бекітілген бюджет және штаттық кесте шегінде банктік мекемелерде есеп-шоттарды ашу және жабу, Қауымдастық атынан мәмілелер жасау және шарт, келісімдер жасасу;
- барлық қаржылық құжаттарға және салықтық, статистикалық және басқа мемлекеттік органдарға есеп беру бойынша құжаттарға қол қою;
- штаттық кестеге сәйкес қызметкерлерді қабылдау және босату;
- билк органдарымен және қоғамдық ұйымдармен тікелей байланысты жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасында да, оның шегінде де мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Қауымдастық мүддесін қорғау;
- Жиналыс және Кеңес шешімін орындауды ұйымдастыру;
- Қауымдастық Жиналысын шақыру туралы Қауымдастық мүшелеріне мәлімдеу;
- сұрақтарды, сонымен қатар, Жиналыс пен Кеңес қарауына шығарылатын тиіст құжаттар жобаларын даярлау.
Атқарушы директор Қауымдастықтың қаржылық-шаруашылық және жалпы ұйымдастырушылық мәселелерге жауапкершілік етеді.
12. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
12.1 Қауымдастық қызметіне бақылау жасау мақсатында кем дегенде бес адамнан тұратын Тексеру комиссиясы үш жыл мерізіміне құрылады. Тексеру комиссиясы құрамына Қауымдастық Кеңесінің мүшелері енуге құқығы жоқ. Тексеру комиссиясы комиссиясы тек қана Қауымдастық Жиналысына есеп береді. Тексеру комиссиясы мүшелері Кеңес отырысына қатысуға құқығы бар.
12.2 Қауымдастықтың шаруашылық-қаржылық және басқа қызметін тексеруді Тексеру комиссиясымен жылына кем дегенде бір рет жүргзіледі. Тексерістер және бақылаулар Қауымдастық жұмысының кәдімгі режимін бұзбауы тиіс.
12.3 Тексеру комиссиясы Қауымдастықтың лауазымдық тұлғаларынан оған барлық қажетті материалдарды, бухгатерлік және басқа құжаттрды ұсынуды талап етуге құқылы.
12.4 Тексеру комиссиясы онымен өткізілген тексерістер нәтижелерін Қауымдастық Жиналысына бағыттайды.
12.5 Тексеру комиссиясы жергілікті орындарда Ассоциацияның барлық мүлгін қарау және бақылауды және жыл бойы жүргізілген жұмыстарды, сонымен қатар Қауымдастықтың тиісті шығындарын тексеруді жүргізе алады.
12.6 Тексеру комиссиясы Қауымдастықтың барлық құжаттарына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Бақылау комиссиясының талабы бойынша Атқарушы директор және Қауымдастық қызметкерлері қажетті түсініктемелерді жазбаша немесе ауызша нысанда беруге міндетті.
13. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
13.1 Қауымдастықтың ұйымдастыру негізін аймақтық белгілер бойынша Қазақстан Республикасында құрылатын филалдар құрайды.
13.2 Филиалдар Жалпы ждиналыстың шешімімен түзіледі.
13.3 Филиалдар заңды тұлға құқықтарына ие емес. Филиалдарда Ассоциация мүлігінен бөлек мүлігі болмайды. Филиалдар басшылары Кеңес Төрағасының келісімі бойынша Жалпы жиналыспен сайланады.
13.4 Филиалдар Қауымдастық Кеңесімен бекітілген осы Жарғы, Филиал туралы Типтік Ереже және Филиалдар туралы Ережелер шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қызметін атқарады.
14. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
14.1 Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар заң органдарында заңнамамен белгіленген тәртіпте оларды тіркеу жолымен Қауымдастық Жиналысының шешімі бойынша ғана енгізіледі. Өзгерістерді (толықтыруларды) тіркеу туралы арызға Жиналыс хаттамасы, өзгертулер (толықтырулар) мәтіні және Заңнамамен көзделген басқа да құжаттар қоса беріледі. Тіркеуші орган тисті мәтіннің тұпнұсқасына мөртабаның қоюылуы өзгерістердің (толықтырулардың) тіркеуін растайды.
15. АССОЦИАЦИЯНЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
15.1 Қауымдастықты қайта құру және тарату Ассоциация Жиналысының шешімі бойынша мәжбүрсіз тәртіпте немесе соттың шешімі бойынша мәжбүрлі тәртіпте жүргізіледі.
15.2 Қауымдастықты қайта құру және тарату туралы мәселелерді Қауымдастық Кеңесі өз бастамасымен немесе Қауымдастықтың 1/3 мүшелері талабы бойынша қоюға құқылы.
15.3 Қауымдастықты қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
15.4 Қайта құру туралы шешім қабылданған жағдайда Жиналыс баланстық, ал таратылған жағдайда Қауымдастық мүлігі және құралдары туралы мәселелерді шешу үшін тарату комиссиясын тағайындайды.
15.5 Қауымдастықты қайта құрған және таратқан кезде Жиналыс шешімі тіркеуші орган мәліметіне дейін жеткізіледі.
15.6 Қауымдастықты қайта құрған кезде қалған мүлік пен құралдар құқық иеленушіге ауысады.
15.7 Қауымдастық тараған кезде қалған мүлік пен құралдар осы Жарғымен қарастырылған мақсаттарға бағытталады.
15.8 Қауымдастық өз қызметін тоқтатты деп заңды тұлғалар мемлекеттік регистріне мәлімет енген күннен бастап саналады.
16. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
16.1 Осы Жарғымен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
